
Колледжде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық жұмыстар жүргізілді
🔰2026 жылдың 22-ші сәуір күні, Желтоқсан көтерілісінің 40 жылдығына орай, Астана қаласындағы, ҚР Республикалық «Желтоқсан ардагерлері» ұйымының Желтоқсан көтерілісі батырларының бастамасымен, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, Жер жәннаты Жетісу жерінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру, туған жерді көгалдандыру және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды игі іс-шара – 40 түп жеміс ағаш егуді қолға алдық!
📌Аталған іс-шараға ,қадірлі қонақтарымыз, 1986-шы жылғы Желтоқсан көтерілісі кезіндегі ұлттық интеллигенциямыз бен студент, жұмысшы жастардың патриоттық сезімін бейнелеудегі зерттеу материалдары мен қырық циклден тұратын «Казахское дело» зерттеулері үшін 2006-шы жылы Президент сыйлығымен марапатталған, белгілі публицист-жазушы Көлбай Адырбекұлы, белгілі Желтоқсан-1986 көптомдық еңбектің авторы публицист-жазушы Талғат Айтбайұлы, Астана қаласындағы, ҚР Республикалық «Желтоқсан ардагерлері» ұйымының төрайымы Балғимбекова Ақбөпе ханым келді.
🔹Бұл іс-шараның тәрбиелік мәні: жас ұрпақты еңбекке баулу, туған жерге сүйіспеншілігін арттыру және табиғатқа қамқорлықпен қарауға үйрету.
📋Әлеуметтік маңыздылығы: тағдыр тәлкегіне түскен отбасы балаларына қамқорлық көрсету мақсатында, «Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аумағы таңдалды. Дана халқымыз: «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», демекші, бүгін отырғызылған көшеттер жайқалып өніп-өсіп, осы орталықта тәрбиеленіп жатқан балаларға қуаныш сыйласын. Ешқандай отбасы және балалар қиын жағдайға түспесін, ұрпақтарымыз аман, еліміздің экономикасын дамытатын білімді жастар көбейе берсін. Халқымыз байқуатты өмір сүрсін, жер бетінде бейбітшілік болсын деп тілейміз!
________
#tipokz2026#oquagartu#minpros#tipo2026#talap2026#Жетісубілім#1COLLEGETKSIT#1COLLEGE










