Талапкерлерге арналған ақпарат
Сұрақ-жауап
Колледжге түсу, құжат тапсыру, ауысу, жатақхана және оқу тәртібі бойынша талапкерлер жиі қоятын сұрақтарға жауаптар.
Қабылдау 2026
Құжаттарды алдын ала дайындап, қабылдау мерзімдерін бақылаңыз.
Колледжге түсу үшін қандай құжаттар қажет?
Колледждің қабылдау кеңсесіне тапсыратын құжаттар:
Электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталына тапсырғанда:
- Құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
- Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы — аттестат;
- 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
- № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама, I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін № 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы;
- Жеке басын куәландыратын құжат, тұлғаны салыстыру үшін.
Электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталына тапсырғанда:
- Нақты тұрғылықты жері көрсетілген, ата-анасының немесе заңды өкілінің ЭЦҚ қойылған электрондық өтініші;
- Білімі туралы құжат немесе оның электрондық көшірмесі;
- № 075-У медициналық анықтамасының және қажет болған жағдайда № 031-У қорытындысының электрондық көшірмелері;
- 3x4 см көлеміндегі фотосурет;
- Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық үкімет шлюзі арқылы алынады.
Қашан колледжге құжаттарды тапсыруға болады?
Қабылдау комиссиясы құжаттарды 25 маусымнан 25 тамызға дейін қабылдайды.
Қабылдау комиссиясы қандай мекенжайда орналасқан?
Мекенжай: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 173/2 блок.
Қабылдау комиссиясының телефоны: 8 (7282) 30–87–30
Қабылдау комиссиясының телефоны: 8 (7282) 30–87–30
Сіздерге басқа колледжден ауыса аламын ба?
Иә. Басқа колледждерден ауысу тек демалыс уақытында жүзеге асырылады.
Ол үшін онлайн өтініш бере аласыз:
egov.kz арқылы ауысу қызметі
немесе біздің колледжде жеке басын куәландыратын құжат және бағалау кітапшасының көшірмесімен өтініш жазу қажет.
Әр студентті ауыстыру мәселесі жеке қаралады.
Егер мен басқа қалада тұрсам, колледжге түсе аламын ба?
Иә. Колледж студенттерге жатақханада тұруға мүмкіндік береді.
Колледжде демалыс қашан болады?
Қысқы демалыс — қаңтар айында, жазғы демалыс — шілде айының басынан бастап.
Әдетте топта қанша адам оқиды?
Топтағы студенттер саны әдетте 20–25 адамды құрайды.
Сіздерде бес күндік оқу жүйесі ме?
Иә, колледжде бес күндік оқу жүйесі қолданылады. Оқу үрдісі 1 ауысымда жүреді.
Өз болашағыңды жетістікке бағдарламала!
ANTIKOR
ANTIKOR
ANTIKOR
ANTIKOR
ANTIKOR
ANTIKOR
ANTIKOR
ANTIKOR
ANTIKOR
ANTIKOR
ANTIKOR
ANTIKOR
ANTIKOR
ANTIKOR
Оқуға қабылдау нәтижелерін қалыптастыру барысында
сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат талаптары қатаң сақталады. Барлық талапкерлер үшін
тең жағдай жасалып, кәсіби және әділдік қағидаттарына негізделеді.
COMPLIANCE
Заң бұзушылық немесе сыбайлас жемқорлық белгілері анықталса — хабарласыңыз
WhatsApp

