
Халықаралық жетістік. «TQ-1 Қазақ ұлттық асханасы» колледж шебері ІІ дәрежелі диплом иеленді

Колледжде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық жұмыстар жүргізілді
2026 жылғы 14 сәуір күні колледждің комплаенс офицері тарапынан оқу орнының асхана қызметіне, сондай-ақ «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алушы «аспазшы-кондитер» біліктілігіндегі студенттердің өндірістік оқыту сабақтарына мониторинг жүргізілді.
Мониторингтің негізгі мақсаты – студенттердің өндірістік оқыту процесінде пайдаланылатын азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігін, олардың мақсатты және тиімді пайдаланылуын, сондай-ақ оқу процесінің ашықтығы мен сапасын қамтамасыз ету болды.
Тексеру барысында өндірістік оқыту сабақтарына мемлекет тарапынан бөлінетін азық-түлік өнімдерінің пайдаланылу жағдайы зерделеніп, оқу процесіне қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз ету деңгейіне талдау жасалды.
Мониторинг нәтижесінде колледжде өндірістік оқыту сабақтарын өткізуге арналған азық-түлік өнімдерінің тізімі қалыптастырылып, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында оқу орнының хабарландыру тақтасына орналастырылды.
Сонымен қатар, комплаенс қызметінің ұсыныстары негізінде өндірістік оқыту шеберлерінің қажетті азық-түлік өнімдеріне қол жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілді.
Жүргізілген жұмыстар колледждегі оқу процесінің ашықтығын арттыруға, ресурстарды тиімді пайдалануға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған.
Колледжде комплаенс бақылау жүйесі тұрақты негізде жалғасатын болады.



















