
Ашық сабақтар | ЖББ пәндер апталығы
Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына айналуы тиіс екендігі Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында айқын көрсетілген. Осыған сәйкес, колледжде білімгерлердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық қағидаттарын нығайту және өскелең ұрпақты патриотизм мен әділдік рухында тәрбиелеу жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
Аталған бағыттағы жұмыстар аясында колледж білімгері Сабыржанова Ақбота «Жемқорлықсыз болашақ» ұранымен өткізілген іс-шараларға белсенді қатысып, өзінің азаматтық ұстанымын танытты. Оның белсенділігі жоғары бағаланып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мен облыс әкімдігі тарапынан арнайы марапатқа ие болды.
Колледжде студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Таза сессия» акциясы тұрақты түрде өткізіліп келеді. Шараның басты мақсаты – білімгерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру, емтихандарды адал және таза біліммен тапсыру мәдениетін қалыптастыру.








