
Халықаралық жеңіс! Біздің шебер — Әлем чемпионатында III орын иеленді

13 қаңтарда «Қысқы педагогикалық оқулар» аясында колледжде «Әдістемелік күн» өтті
25.11.2025 күні Талдықорған жоғары аграрлық-технологиялық колледжі базасында Жетісу облысы Білім басқармасы мен Әдістемелік орталығының қолдауымен өткен «Табысты білім алушыға — талапты оқытушы» республикалық бенчмаркингінде маңызды нәтиже тіркелді. Талдықорған сервис және технология колледжінің арнайы пән оқытушысы Тәукебаева Балғын Базарханқызы 1-орынды жеңіп алды!
Бұл — колледжіміздің кәсіби әлеуетін, педагогтардың үздік тәжірибесін және білім сапасын арттырудағы жүйелі еңбегін дәлелдейтін үлкен жетістік. Балғын Базарханқызы республика деңгейіндегі үздік мамандар арасында оза шауып, өзінің білімі мен тәжірибесінің жоғары деңгейін көрсетті. Құттықтаймыз! Бұл жеңіс — тек жеке жетістік емес, бүкіл ұжымның ортақ мақтанышы!
________
#tipokz2025 #oquagartu #minpros #tipo2025 #talap2025 #Жетісубілім #1COLLEGETKSIT #1COLLEGE







