
Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ! Студенттермен “Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу” тақырыбында кездесу өтті

Студенттер арасында құқықбұзушылық, лудомания, буллинг, есірткіге қарсы күрес тақырыптарында кездесу өтті
2025 жылдың 30 мамыр күні «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы («Кондитер-безендіруші» біліктілігі) бойынша оқитын С34П, С33П, С32П және Т11К топтарының студенттері кәсіби модуль аясында «Кондитер-безендіруші» тақырыбында шебер сыныбы өтті.
Бұл студенттердің тек теориялық білімін ғана емес, практикалық шеберлігін де бағалауға бағытталды. Болашақ кондитерлер заманауи талаптарға сай стильді әрі дәмді өнімдер әзірлеп, шеберліктерін барынша көрсетті.
* Шебер сынып тапсырмалары қатарында:
- Бенто торттар дайындау
- «Флора және фауна» тақырыбындағы мастика бұйымдарын жасау
- Шығармашылық дизайн, заманауи трендтерге сәйкестік, дәмі мен көркем безендірілуіне ерекше мән беру
* Бағалау критерийлері: дәмі, стилі, креативтілігі, өнімнің сапасы және заманауи кондитерлік үрдістерге сәйкестігі.
* Комиссия құрамында тәжірибелі мамандар мен өндіріс орындарының өкілдері болды:
- А.Т. Сүлейменова — «Happy Cake» кондитерлік цехының аспазы
- Е.В. Сорокина — «ELENA» кондитерлік цехының меңгерушісі
- М.Е. Алимжан — «Green Villa Hotel Spa» шеф-аспазы
- Арнайы шақырылған қонақ — «Номад» мейрамханасының бас аспазы Александр Смирнов
- Ainyra’s Bakery кондитерлік цехының директоры, кәсіби кондитер Айнұра Болатханқызы — студенттерге шабыт пен тәжірибе сыйлады
* Шебер сынып өткізуші — арнайы пәндер оқытушысы Д.А. Астаубаева
* Шебер сынып барысын бақылағандар:
- М.Б. Кабдулдинова — оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары
- Г.С. Тасымбекова — профилдік оқыту жөніндегі директордың орынбасары
* Нәтиже:
Барлық студенттер 85-100 балл аралығында жоғары баға алып, өз біліктіліктерін сәтті дәлелдеді. Практикалық бөлімнен “өте жақсы” нәтиже көрсеткен студенттеріміз кәсіби маман болуға толық дайын екенін паш етті.
* Болашақ шебер кондитерлерімізге шығармашылық табыс, кәсіби шыңдарға жету жолында сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!
#аттестация #демемтихан #кондитероформитель #жетістік #тамақтандыруұйымдастыру #кәсіптікбілім #колледж


























